$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Алматы әуежайындағы автотұрақтардың құны қымбаттады

AstanaTV
12.12.2024ж. 15:35
77
Алматы әуежайындағы автотұрақтардың құны қымбаттады

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап автотұрақтардың құны өзгереді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тұрақ қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстары мен өсіп келе жатқан пайдалану шығындарын ескере отырып, әуежайдың көлік тұрақтарына жаңа тарифтер енгізілді. Біз тұрақ қызметін жақсартуға ұмтылып, оны үнемі жаңартып, жетілдіріп отырамыз. Жаңғырту шараларына екінші қабатқа арналған жаңа кіреберіс пандусты салу, тұрақ орындарын кеңейту арқылы сұранысты қанағаттандыру, сондай-ақ көлік нөмірлерін автоматты түрде тану жүйелері сияқты заманауи технологияларды енгізу кіреді. Бұл өзгерістер барлық тұтынушыларымыз үшін қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Түсіністік танытып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!, - деді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Еске салайық, вокзал маңы алаңының аумағы және жабық тұрақ кешені:

15 минутқа дейін - тәулігіне екі реттен артық төлемсіз;

15 минуттан 1 сағатқа дейін - 600 теңге;

1 сағаттан 2 сағатқа дейін - 850 теңге;

2 сағаттан 4 сағатқа дейін - 1 200 теңге;

4 сағаттан 6 сағатқа дейін - 1 800 теңге;

6 сағаттан 12 сағатқа дейін - 2 800 теңге;

12 сағаттан 24 сағатқа дейін - 4 200 теңге;

24 сағаттан жоғары, одан кейінгі толық және жарты тәулік үшін – 6 000 теңге.

Әуежай сонымен қатар оңтүстік автотұрақ аймағындағы тариф құнын ұсынды:

15 минутқа дейін - тәулігіне екі реттен артық төлемсіз;

15 минуттан 1 сағатқа дейін - 350 теңге;

1 сағаттан 2 сағатқа дейін - 500 теңге;

2 сағаттан 4 сағатқа дейін - 700 теңге;

4 сағаттан 6 сағатқа дейін - 950 теңге;

6 сағаттан 12 сағатқа дейін - 1 700 теңге;

12 сағаттан 24 сағатқа дейін - 2 400 теңге;

24 сағаттан жоғары, одан кейінгі толық және жарты тәулік үшін – 3 600 теңге.