Мемлекет басшысы Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасымен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Валентина Матвиенконың сапары парламентаралық байланысты нығайтып қана қоймай, екі елдің серіктестігін одан әрі арттыратынын айтты. Кездесуде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Валентина Матвиенко қонақжайлық танытқаны үшін Президентке ризашылығын білдіріп, Ресей Президентінің сәлемін жеткізді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Жақында біздің елімізге Владимир Владимирович Путин мемлекеттік сапар жасады. Бұл стратегиялық серіктестікті, екі ел арасындағы одақтастықты дамытуға тың серпін берді. Мен екіжақты ықпалдастықтың болашағы зор деп ойлаймын.