$495.28 €538.32 ₽5.77
×

Алматы облысының тұрғыны жұмыс барысында жарақат алған

12.12.2024ж. 20:00
343
Алматы облысының тұрғыны жұмыс барысында жарақат алған

Алматы облысындағы ірі кірпіш зауыттардың бірінде жұмысшының аяғы ауыр құрал-жабдықтарды тасымалдайтын рельстың астында қалып қойды. “Енді бес башпайын кесуден басқа шара жоқ”- дейді дәрігерлер. Ал, залал келтірген компания өкілдері моральды шығынды төлеуден жалтарып отырған көрінеді. 

Әлімжан Әділхан тамыз айында кірпіш зауытқа қара жұмысшы боп орналасқан. Екі баланың әкесі. Отбасының жалғыз асыраушысы. Ал, жұбайы үй шаруасында, жұмысқа шығуға жарамсыз. Әлімжанның оң аяғының үшінші башпайын алып тастаған. Енді қалғандарын да кесуге дәрігерлер мәжбүр көрінеді.

САЙРАШ МОЛДАБЕРГЕН, Ә. ӘДІЛХАННЫҢ АНАСЫ:

Алматыға әкеліп, ақшалыға жатқызайық енді, бұның аяғы болмайтын бопты енді асқынып кетті дедік та, ақшалыға әкеп едік, документті жинап болып еді, миллион төлейсің, төлемесең жатқызбаймыз деді. Басында 3 саусақ деген, енді докторлар айтады мынадан кесеміз дейді, үш саусақты кесеміз дейді, толық диагноз жоқ.

Әлімжанның жақындарының сөзінше, операцияға 1 миллион теңге қаражат керек. Ал зауыт өкілдері жауапкершіліктен басын алып қашқан көрінеді.

АЙДЫНӘЛІ ӘДІЛХАН, Ә. ӘДІЛХАННЫҢ АҒАСЫ:

Енді әдеттегі жарақат емес қой, сынық емес. Бір жеңіл желпі емес, бақандай 3 бармақ, 5 бармақ кетіп отыр. Аяқ кетіп отыр ғой былайынша айтқанда. Мүгедек болды, инвалид болды, бала-шағасын қалай асырайды енді?

ЗАРИНА МАМЕКОВА, ЗАҢГЕР:

Зауытта ауыр құрал-жабдықтарды таситын рельс орналасқан. Оның аяғы сол жолдың астында қалып, осындай жағдайға душар боп отыр. Өкініштісі, аяғын жарақаттап алған Әлімжанға ешкім алғашқы медициналық көмек көрсетпеген, жедел жәрдем де шақырмаған. Біз бірнеше рет арыз жаздық. Енді бұл жағдайды қылмыстық іс ретінде тіркеуге күш салып жатырмыз. Одан соң экспертиза тағайындалып, тергеу жүргізіледі.

Ал, кірпіш зауыттың өндіріс меңгерушісінің айтуынша, олар өтемақы мен шығынды төлеуден бас тартпаған. Осыған дейін, науқасқа тағайындалған ем-домның жартысын төлегенін дәлелдейтін түбіртектерді көрсетті. Мұнда әр қызметкер күн сайын жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік туралы қағазға қол қойып кіреді екен. Опат болған Әлімжан да жазатайым жайт болған күні қол қойған көрінеді.

ДӘРМЕН ӨМІРҒАЛИЕВ, ӨНДІРІС ЖЕТЕКШІСІ:

Өзіміз алдыртып, Сейфуллин мен Әйтеке би көшесінің қиылысындағы жедел жәрдем больницасына апарып, ауруханаға ақылы бөліміне жатқыздық 28 қарашада. 5-не дейін төлемін төледік, менде документтері бар мында бәрі. Кеше 5-нен кейін барып, тағы да барып төлеп қойдық. Екі төлем бар мұнда. Қазір еңбекақылары жүріп жатыр. оның ақшасын біз ешкімнің қолына бере алмаймыз.

Кәсіпорын өкілдері уәдеден таймауға сөз берді. Ал, жақын күндері Әлімжан Әділханға күрделі операция жасалмақ.