«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматыдағы Наурызбай ауданының аумағы қар мен мұздан тазартылды. Акцияға «AMANAT» партиясының 30 қызметкері қатысты. Олар коммуналдық қызметкерлермен бірге қолдарына күрек алып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге атсалысты.
БАЙҒАЛИ ӘБДӘЛІҰЛЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БПҰ ТӨРАҒАСЫ:
Өздеріңіз білесіздер, соңғы күндері Алматыда қар қалың жауды. Наурызбай ауданы тау етегінде орналасқан. Қар қалың, соны тазалап жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылды еңбек адамы жылы деп жариялап отыр. Бұл дегеніміз – еңбек адамына құрмет жасауымыз керек. Сондықтан бұл жоба бір күндік емес, жалғасын таба береді деп ойлаймын.