$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Таразда «ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ - ҚОҒАМ БЕЙНЕСІ» атты әйелдер форумы өтті

12.12.2024ж. 20:00
174
Таразда «ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ - ҚОҒАМ БЕЙНЕСІ» атты  әйелдер форумы өтті

Таразда «Әйел бейнесі - қоғам бейнесі» атты әйелдер форумы өтті. Шараға түрлі салада еңбек етіп жүрген 200-ден аса әйел қатысты. Жиналғандар жетістіктерін көрсету, кәсіби біліктілікті арттыру, шешім қабылдауға және жауапкершілікті өз мойнына алуға қабілетті көшбасшы әйелдердің жаңа буынын қалыптастыру төңірегінде ой бөлісті. Бұл форум – пікір алмасу алаңы ғана емес, бұл – әйелдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, идеяларын ортаға салып, ортақ болашағымыздың негізін қалауға арналған диалог алаңы болмақ. Сонымен қатар, басқосуда «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» партиялық жобалары, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері, отбасылық құндылықтар, бала тәрбиесі, әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау проблемалары да талқыланды. «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалы жанынан әйелдер қанатының бір жылдық жұмысын қорытындылап, алдағы жоспарын айқындады.

ШОЛПАН КАРИНОВА, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Әйелдердің экономикалық, әлеуметтік өмірге араласуына жол ашатын сессия жұмыс жасайтын болады. Ол жерде кәсіпкерлік, қаржы сауаттылығы кәсіптерді бастау жүргізу мәселелері қарастырылатын болады. Сондықтан мен ойлаймын бұл жамбылдық әйелдер үшін, біздер үшін, партиямыз үшін өте үлкен іс. Өйткені партия әрбір оң бастамалардың басында халықты қолдап, халықтың үнін естейтін партия ретінда осы бағыттарды қолдайды.