Ел экономикасы үшін арнайы орта білімі бар азаматтар өте қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты. Себебі қазір көп жас мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмайды. Депутат колледжерге «Мақсатты Грант» жүйесін енгізу қажет дейді. Айтуынша, бұл студенттің өзі білім алған оқу орнына жұмысқа орналасуына мүмкіндік бермек. Одан бөлек «AMANAT» партиясының қолға алынып жатқан жаңа бағдарламаның даму қарқыны мен ерекшеліктері айтылды. Жүйенің ауыл оқушылары үшін тиімді тұсы көп.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«AMANAT» партиясының бағдарламасында оқушылардың мектеппен қатар колледже білім алуына мүмкіндік берілген. Мысалы 10 сынып оқушылары түске дейін мектепте болып, түстен кейін бос уақытында жұмыс істей алады. Бұл неден туындады? Қазір 11-сыныптан соң түлектердің 50 проценті колледжерге оқуға түседі. Аталған бағдарлама арқылы енді олар уақыт жоғалтпайды. Сондай-ақ физика, химия сияқты пәндерді алып тастап, тек профилдік сабақтарды қалдырған дұрыс.