Қазіргі таңда кеңінен танылып жатқан отандық CodiPlay стартапы Алматы облысында да бастау алды. Қаскелең қаласындағы Виссарион Белинский атындағы мектепте тұңғыш рет іске қосылып, Hub болып танылды. Алғаш рет өткізіліп жатқан WorkShop - қа тәжірибе алмасуға Корея елінен қонақтар келді. Веб-платформаны ойлап тапқан 28 жастағы зайсандық Жаңаділ Талдыбаев. 6-ы менн 18 жасқа дейінгі балалардың айти қабілеттерін шыңдауға арналған. Codyplay қазір 13 мемлекетте қолданылуда.
НҰРҒАЛИ АСАНҰЛЫ, CODI PLAY КОМПАНИЯСЫНЫҢ GAR ДИРЕКТОРЫ:
Қазіргі таңда бгл отандық өнім 13 мемлекетте жұмыс жасайды. Яғни балалардың мынау айти қабілетін шыңдау. Телефон арқылы өздерін балалар мынау бағдарламалауды сонымен қатар жасанды интелекттің қадамдарын осы айти сауаттылығының алғашқы қадамдарын осы codi play арқылы үйренеді. Мектептің балалары үйренеді мектептің қабырғасында жүріп өздерінің сондай айти қабілеттерін шыңдайды.
Облыста қолданысқа енгеніне 2 жарым ай ғана болса да Білім алушылардың кодтау, программалау, креативті ойлау және MetaSkills дағдыларының қалыптасуы мен дамуының нәтижесінде мектептің білім сапасы едәуір өскен. Қазір білім ордасында ата аналарының қолдауымен қосымша пән ретінде аптасына 3 рет 60 балаға тәлім берілуде. Мақсатымыз білім ордамызды – брендке, білім алуды – трендке айналдыру дейді мектеп директоры.
ТҰРСЫН САЙБЫРОВА, В.БЕЛИНСКИЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
Қазіргі таңда біздің 1-ші 4-ші сынып оқушылары осы кодтап және ойнап өздерінің жобаларын іске асыруда. Бұл жобаларды олар Зерде Кіші ғылым академиясы Дарын сынды байқауларда ұсына алады. Сонымен қатар біздің мектептің информатика пәнінің мұғалімдері коди плей тарапынан оқытылып, қазіргі біздің балаларға дәріс беруде.