Таиландтағы Азия чемпионатының финалында Абылайхан Жүсіповті тістеп, өрескел ереже бұзған өзбек боксшысы чемпиондық атағынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
IBA және ASBC ұйымдары 71 кг салмақта сынға түскен Абылайхан Жүсіповтың өзбек спортшысымен финалдағы жекпе-жегін қайта қарап, оны Азия чемпионы деп таныды. Қазақстан бокс федерациясы 11 желтоқсан күні Чианг Мэйде (Таиланд) өткен Азия чемпионатының ерлер арасында 71 кгсалмақ дәрежесіндегі финал бойынша IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады. Ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе жегінде өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны айтылады. Ал Қазақстан тарапында ереже бұзылуына дәлел ретінде фото және видео материалдар да бар.
"Нәтижесінде IBA және ASBC ұйымдары осы салмақтағы ақтық сынды қайта қарастырып, келесі шешімге келді. 71 кгАбылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылaды, ал өзбекстандық боксшы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетіледі", - делінген федерация хабарламасында.