$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Мемлекет басшысы: Полиция қашанда халыққа үлгі-өнеге болуы керек

13.12.2024ж. 20:00
610
Мемлекет басшысы: Полиция қашанда халыққа үлгі-өнеге болуы керек

Қоғаммен бірге полиция да түбегейлі өзгеруі тиіс.Мемлекет басшысы айтқан мәселе қалай жүзеге асып жатыр? Полицияға халық сене ме? Қызметі қиындыққа Һәм қатерге толы тәртіп сақшылары жайлы Заңғар Санай тарқатады. 

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау жолында полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен. Нұрсұлтан Махин ішкі істер органдарына қызмет етуге сегіз жыл бұрын келген.Аға лейтенант былтырдан бері Мичурин ауылдық округінде учаскелік инспектор қызметін абыроймен атқарып жүр. Округ аумағындағы үш ауылда бес мыңға жуық тұрғын бар.

НҰРСҰЛТАН МАХИН, МИЧУРИН ОКРУГІНІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

Ауылдық жер болған соң иттер босап кетеді. Сосын тұрғындар 102 және бізге хабарласады.Сол үшін біз оларға 407 баппен хаттама толтырамыз.Ең көбі сол.Және де 440 баппен ол қоғамдық жерде ішімдік ішкені үшін және де жүргені үшін хаттама жазамыз.

Тұрғындармен тіл табысу үшін ұстамды һәм сыпайы, төзімді, қайратты болу керек.Өзгелерге өнеге көрсетсең, өзіңді халық қадірлейді дейді, полиция қызметкері.Ал ауыл тұрғындары білікті маманның қалтқысыз қызмет атқарып жатқанын айтады.

СӘУЛЕ СЕЙДАҚОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Тұрғын ретінде айтқым келеді.Өз жұмысын біледі.тәртіп бұзушылықтарды қолға алады.Іс-шаралар өткізеді ылғи.Құқық бұзушылық болмайды.Кез келген уақытта учаскелік инспекторға хабарлассақ, кері байланысқа шығады.Ауылымызда жұмыс істеп жатыр.Мектеппен қарым-қатынасы да өте жақсы.

Қостанай ауданы ішкі істер бөлімінде 40 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді. 70 мың халқы бар аймақта қырық қызметкер қыруар жұмыс тындырып жатыр. Нұрсұлтан Махин көш бастап тұр,дейді бөлім басшылығы.

ТАЛҒАТ ӘЛСЕЙТІОВ, ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ ІІБ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Полиция аға лейтенанты Махин де өзінің жұмысын адал атқарып, басшылардың нұсқауларын уақытында орындап,қызметкерлер арасында беделі бар азамат.Жұмысында халықпен бірге тығыз жұмыс жасауының арқасында халықтың арасында да өз беделі бар.

Тәртіпке бағынған құл болмайды. Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының аталы сөзі аға лейтенанттың өмірлік ұстанымы.Өзгені тәртіпке салу үшін, өзің өнегелі болуың керек.Ал ауылдық округтің тыныштығын қорғау, халқына қалқан болу,қауіп-қатердің алдын алу, межелі мақсатым -, дейді Нұрсұлтан.