Алматы облысы Сарыбастау ауылында жаңа спорт кешені халық игілігі үшін қолданысқа берілді. Ашылу салтанатында жергілікті билік өкілдері, ауыл тұрғындары мен танымал спортшылар төбе көрсетті.
Спорт кешенінің құрылысы 2023 жылдың наурызында басталған. Мердігер компания келісімшартқа сай, мерзімінен кешіктірмей мекеме құрылысын сәтті аяқтады. Ал, спорт кешеніне жалпы 1 миллиард 200 миллион теңге қаражат жұмсалыпты. Орталықта бірнеше жаттығу залы бар. Келетіндердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Қазір 7 жаттықтырушы жұмыс істейді.
БЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ, РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Бүгінгі күні 70 адамға дейін, бір мезетте 70 адамды қабылдап, 70 адам жаттыға алатындай мүмкіндік бар осы спорт кешенінде. Жаттықтырушылар құрылымы жасақталды. Бұл аудандық спорт мектебіне қарайды. Аудандық мектептің біро филиалы боп жұмыс жасап жатыр.
НҰРЛАН ҚАДЫРБЕКОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:
Денешынықтыру залы бар, тренажерный залы бар, сосын бокспен айналысатын зал, күрес залы және мына төменде үлкен ойындарға арналған үлкен бір бөлме бар.
Нысанның ашылу салтанатына келген ауыл тұрғындарының қуанышында шек болмады. Көпшілік кешеннің тұрғызылуы жеткіншектердің болашағы үшін сәтті қадам болатынына сенімді.
ЕРБОЛАТ САРАБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бүгін мінекей, Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында 70 орындық спорт кешені ашылып отыр. Бұл дегеніміз Райымбек ауданының, Сарыбастау ауылының жастарының спортқа деген баулу, Бұқаралық спортты дамыту осы жерде. Осы жерде алдағы уақытта Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, Азия чемпиондары шығады деген үміттеміз.
Айта кетейік, биыл Сарыбастау ауылындағы оқу ордасы да күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Жаңа тас жол төселіп, ауыз су құбыры да орнатылған. Ал алдағы уақытта мемлекеттік қызметкерлерге арналған екі баспана қолданысқа берілмек.