$524.02 €545.19 ₽5.09
×

Ақтөбе облысында «Қарызсыз қоғам» жобасымен білім алғандарға сертификат табысталды

13.12.2024ж. 20:00
104
Ақтөбе облысында «Қарызсыз қоғам»  жобасымен білім алғандарға сертификат табысталды

Ақтөбе облысында «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында сегіз мыңнан астам адам қаржылық сауаттылығын арттырып, өз қаражатын тиімді басқаруды үйренген. Бүгін солардың соңғы 34-ші легі арнайы курсты аяқтап, сертификаттарын алды. «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы қаражатты ұтымды пайдаланып, шығынды оңтайландыруды үйретеді. Бұл жобаға еліміздің кез-келген азаматы қатыса алады. Жас шамасына, әлеуметтік жағдайына қатысты шектеу жоқ. Оқыту курсы бес күнге созылады. Сол уақыт ішінде азаматтар ақшаны игерудің әліппесінен бастап, инвестиция, қаражатты сақтау, несиені тиімді жабу, кәсіп ашуды меңгереді. Ақтөбе облысында бес жүзден астам адам осы курсты аяқтап, өз кәсібін ашқан. 

ЖАНАР БАЛҒАБАЕВА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЕТЕКШІСІ:

Несие жүктемесін қалай жеңілдетуге болады сол жөнінде ақпарат беріледі. Несиені алмас бұрын неге назар аудару керек. Бар несие болған кезде оны қалай тиімді жабу жолдары бар сол жөнінде ақпарат беріледі. Сонымен қатар жоба төңірегінде алаяқтық жөнінде, жеке тұлғалардың банкроттығы жөнінде бизнес бастағысы келетіндерге бизнес жоба жазуға да жәрдемдесеміз.

ДИЯР НАУРЫЗАЛИН, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ:

Прошел фин грамотность благодарю партию.... Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша сертификатталған курсты аяқтадым. «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасына алғысым шексіз. Бар несиелерімді өзіме тиімді жолмен жаптым. Енді несиені қалай алу керек. Оны қалай жабу керек, барлығын білемін.