$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Абай облысында қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді

AstanaTV
15.12.2024ж. 07:26
162
Абай облысында қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді

Алматы — Өскемен тасжолының 938-шақырымында қолайсыз ауа райы салдарынан жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Желдің қатты екпіні Mercedes-Benz Atego жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберген. 

«Оқиға орнына дереу полиция мен шұғыл қызмет өкілдері жетті. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаның басты себебі — қолайсыз ауа райы», - делінген хабарламада.

Құтқару жұмыстары жүргізіліп, көлік қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Мамандар жүргізушілерді ауа райының өзгерістеріне мұқият болып, әсіресе, қатты жел мен көктайғақ кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.