$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Оралда құтқарушылар 6 сиырды мұздың үстінен эвакуациялады

AstanaTV
15.12.2024ж. 10:21
174
Оралда құтқарушылар 6 сиырды мұздың үстінен эвакуациялады

ТЖМ қызметкерлері Орал маңындағы Зачаганск кентінде ерекше құтқару операциясын жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

"Мұз басқан су қоймасынан ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару арқанының көмегімен мұз үстімен өз бетінше жүре алмаған алты ірі қара мал басын жағаға шығарды", - деді ведомство.