$494.84 €537.4 ₽5.58
×

Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды

AstanaTV
15.12.2024ж. 12:14
271
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды

12 қарашада жоғалып кеткен 19 жастағы Әнел Еріктің мәйіті Үлбі өзенінің жағасынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, қыздың денесі 13 желтоқсанда табылған.

"Полиция қызметкерлері 13 желтоқсанда Өскеменнің Протозанов көшесінен Үлбі өзенінің жағасынан бұған дейін із-түзсіз жоғалған 19 жастағы Әнел Еріктің мәйітін тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.