$535.13 €627.44 ₽6.52
×

Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды

AstanaTV
15.12.2024ж. 13:41
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды

Абай облысында жол апаты тіркелді. Оқиға Омбы-Майқапшағай тасжолының 655-шақырымында кеше сағат 23:15 шамасында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Hyundai Accent пен Chevrolet Aveo көліктері бетпе-бет соқтығысты. Жол апатынан жүргізушілер мен жолаушылар зардап шекті. Олар шұғыл түрде Бесқарағай аудандық ауруханасына жеткізілді.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.