Алматы облысында өзен арналары, көшкін және сел қауіпті учаскелер тексерілді.
– «Қазселденқорғау» АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр,– делінген ТЖМ хабарламасында.
Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.
Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлады.