$515.97 €537.8 ₽5.25
×

Маңғыстау облысында 13 жүк көлігі қар құрсауынан құтқарылды

AstanaTV
16.12.2024ж. 13:05
284
Маңғыстау облысында 13 жүк көлігі қар құрсауынан құтқарылды

Маңғыстау облысында ТЖМ құтқарушылары жолаушылар мінген 13 жүк көлігін қар құрсауынан босатты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ баспасөз қзыметінің мәліметінше, кеше Маңғыстау облысының 112 қызметіне қар құрсауында қалып қойып, өз бетінше шыға алмаған 13 жүк көлігі туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар Жетібай-Жаңаөзен тасжолының 204-шақырымына дереу жолға шықты.

- Жүк көліктері жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек және эвакуация қажет болмады", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ ауа райы қолайсыз болып тұрғанда тек үлкен жолдармен жүру керек екенін еске салды.