$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Жамбыл облысында автобус бұзылып, жолаушылар эвакуацияланды

AstanaTV
16.12.2024ж. 14:27
326
Жамбыл облысында автобус бұзылып, жолаушылар эвакуацияланды

Жамбыл облысында Алматы-Түркістан тас жолында, Аса ауылы маңында, жолаушылар автобусы техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Түнде болған оқиға кезінде құтқарушылар автобустың ішінде болған 15 жолаушыны, соның ішінде үш баланы жақын маңдағы жылыту бекетіне эвакуациялады», — деп жазылған хабарламада.

ҚР ТЖМ жолға шықпас бұрын көліктің техникалық жағдайын тексеріп, ауа райы болжамын қадағалау қажет екенін ескертеді.