Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қаржы министрлігіндегі жемқорлық 81% өскен

AstanaTV
19.05.2017ж. 20:00
2246
Қаржы министрлігіндегі жемқорлық 81% өскен

Былтырғы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, Қаржы министрлігі мекемелері арасында пара алу  81%-ға өскен. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді.

Кеденшілер 86 пайызбен көш басында. Қалғаны салық органдарының еншісінде. Көп жағдайда шенділер кәсіпкердің құжатын шұғыл рәсімдеу, тауар салмағын азайтып көрсету секілді қызметтер үшін "бармақ басты көз қыстыға" барады. Кәсіпкерлердің 40 пайызы кеден бекеттерінде үнемі пара беретіндерін айтса, 30 пайызы бұған құзырлы мамандарды өздері итермелейтінін мойындаған.

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының орынбасары:

Аталған салаларда тіркелген жемқорлық қылмыс саны өсіп келеді. 2016 жылы барлығы 61 қылмыс тіркелсе, биыл бірінші тоқсан нәтижесінде 58 дерек әшкере болды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда жемқорлық деңгейі  81 пайызға өскенін көрсетеді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ