Қазақстандық TikTok жұлдызы Даша Дошикке Ресейде қылмыстық іс қозғалу мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
TikTok жұлдызы, әнші Даша Дошикке Ресейдің салық заңнамасын бұзу күдігімен салық тексерісі жүргізілмек.
23 жастағы Дарья Перова (әншінің шын аты-жөні) Қазақстаннан шыққан.
"Оны Ресеймен байланыстыратын бизнесі бар, бірақ ол ережелерге сай келмейді. Ол Ресейдің салық органдарында тіркелмеген, бірақ үнемі концерттер өткізеді. Барлық шараларды өз көмекшісі арқылы өткізеді, ол өзінің жеке кәсібін оңайлатылған жүйемен тіркеген. Осылайша, қоғам қайраткерлерінің пікірінше, әнші табысынан 30 пайыз емес, тек 6 пайыз салық төлейді. Бір концерттің бағасы 1,7 миллион рубль", — деп хабарлайды интернет-басылым.
Ақпарат құралдарының мәліметінше, оған әкімшілік жауапкершілік қауіп төніп тұр, ал егер үш жыл ішінде төленбеген салық сомасы 2,7 миллион рубльден асса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.