$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Әйел мен 10 айлық бала суши жеп ауруханаға түсті

AstanaTV
17.12.2024ж. 10:42
279
Әйел мен 10 айлық бала суши жеп ауруханаға түсті

Ресейдің Липецк қаласында бір отбасы пицца мен сушиге тапсырыс беріп, салдарынан уланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Суши мен пицца жеп анасы мен 10 айлық бала ауруханаға түсті. Ересектердің жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы тұрақты.

Қазір Роспотребнадзордың аймақтық басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр.

“Жексенбі күні екі әйел, 17 жасар қыз бен 10 айлық бала Липецк мейрамханаларының бірінен суши мен пиццаға тапсырыс берген. Түнде олар өздерін нашар сезініп, жедел жәрдем оларды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізді. Роспотребнадзор мамандары тағамға тапсырыс берілген фастфуд мейрамханасын тексереді”, – деп жазды басылым.