$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Ақтөбе облысында жоғалған екі балықшының денесі өзеннен шығарылды

17.12.2024ж. 20:00
101
Ақтөбе облысында жоғалған екі балықшының денесі өзеннен шығарылды

Ақтөбе облысында екі күн бұрын балық аулауға кетіп, хабарсыз кеткен екі адамның денесі судан шығарылды. Полицейлер оларды Темір ауданындағы өзеннен тапқан. 14 желтоқсан күні таңертең 53 және 21 жастағы екі адам Темір ауданына балық аулауға барған. Жақындары полицияға хабарлап, жоғалған жандарға іздеу жариялайды. Іздеу жұмыстарына еріктілерде атсалысты. Екі тәуліктен кейін сүңгуірлер екеуінің денесін өзеннен алып шықты. Екеуі де автокөліктің ішінде отырған күйі суға батып кеткен екен. 

ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Алдын ала мәліметтер бойынша, Нива автокөлігі жоғары жылдамдықпен келіп, көпірден өзенге құлап кеткен. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.