$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Атырауда құны 40 млн теңгені құрайтын вейб өнімдерін сақтап, сатқан жас жігіт ұсталды

17.12.2024ж. 20:00
255
Атырауда құны 40 млн теңгені құрайтын вейб өнімдерін сақтап, сатқан жас жігіт ұсталды

Атырауда құны 40 млн теңгені құрайтын вейб өнімдерін сақтап, сатқан жас жігіт ұсталды. 19 жастағы қала тұрғыны заңсыз өнімді курьер қызметі арқылы тапсырыс берушіге жөнелтіп отырған. Бір қызығы, ол осынша заңсыз тауарды қаладағы азық-түлік дүкенінің қоймасында ұстаған. Сырттай жәй ғана дүкен көрінгенімен, онда 3 мыңға жуық вейб сақтаған. Қазір 19 жастағы қала тұрғыны уақытша тергеу абақысына қамалды. Оның заңсыз саудамен қанша уақыттан бері айналысқанын полиция анықтап жатыр. 

ЕРЛАН ЕСПОЛАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ҰҚҚК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тәркіленген тауардың жалпы құны 40 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция аталған тиым салынған өнімдердің саудасы үшін ҚР заңдарына сәйкес қатаң жауапкершілік көзделгенін ескертеді.