$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Биыл тұтынушылардан 56 мыңнан аса шағым түскен

Биыл тұтынушылардан 56 мыңнан аса шағым түскен

Елімізде тұтынушылардан түсетін шағым көбейген. Былтыр 50 мыңға жетсе, биыл 11 айда 56 мыңнан асқан. Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Болат Танабергенов хабарлады. Оның айтуынша, арыздардың жартысына жуығы қанағаттандырылған. Тұтынушылар көбіне бөлшек сауда мен электронды коммерция салаларында көңіл толмастық білдірген.

БОЛАТ ТАНАБЕРГЕНОВ, ҚР СИМ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

«Сапалы өнім» жобасы тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғайды. Адал отандық тауар өндірушілерді қолдап, сапалы өнім өндіру мен өткізуге ынталандырады деп ойлаймыз. Мәселен, биыл 11 айдың қорытындысы бойынша барлық өңірлердегі қоғамдық ұйымдар 2002 өнім түрін таңдап алып, оның 1423 түрі, яғни 71 пайызы бойынша заң бұзушылықты анықтады. Көбінесе таңбалау талаптары бұзылған. Сондай-ақ тауардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен.