$524.66 €550.21 ₽5.09
×

Жануарлардың циркте өнер көрсетуіне тыйым салынады

AstanaTV
17.12.2024ж. 21:45
128
Жануарлардың циркте өнер көрсетуіне тыйым салынады

2025 жылы Қазақстанда жануарлардың көшпелі циркте өнер көрсетуіне тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Үкімет отырысынан соң өткен брифингте Экология министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

Жануарларға жауапты қарау туралы заңнамада жабайы жануарларды көрмеге қоюға, жылжымалы хайуанаттар парктеріне, жылжымалы океанариумдарға және тағы басқаларға толық тыйым салу қарастырылған. Бұл норма 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сондықтан менің ойымша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы жылжымалы цирктер, хайуанаттар парктері және тағы басқа қызметтері тоқтатылады, – деді министр.