Ақтауда 9 шағынауданда жол-көлік оқиғасы болып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды El.kz.
Бүгін сағат 13:30 шамасында 9 шағынаудандағы тас жолда 14 шағынауданнан басты жолға қозғалып келе жатқан Lada Granta маркалы автокөлігі қоғамдық автокөлікке жол бермей, жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға салдарынан Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі қаза тапты, - деп жазылған қалалық полиция басқармасының хабарламасында.