Сабындыкөл көлінде балық аулау үшін жасалған ойық табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мәліметінше, заңсыз балық аулау оқиғасы 17 желтоқсанда тіркелген.
Ұлттық парк өкілдері бұл аймақтағы су айдындарында тек спорттық балық аулауға рұқсат етілгенін еске салды. Әуесқойлық балық аулау кезінде бір тәулікте 5 ілмекке дейін қармақпен 5 келіден аспайтын балық аулауға болады. Мұндай жолдаманың құны 0,2 айлық есептік көрсеткішке тең, бұл 738 теңгені құрайды.