$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Қостанай соты 16 жастағы қызды аса қатыгездікпен өлтірген қылмыскерге үкім шығарды

18.12.2024ж. 20:00
117
Қостанай соты 16 жастағы қызды аса қатыгездікпен өлтірген қылмыскерге үкім шығарды

Қостанай соты аса ауыр қылмыс жасаған 27 жастағы сотталушыға жаза кесті.16 жастағы қызды аса қатыгездікпен өлтірген аудан тұрғыны 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы- Әулиекөл ауданының тұрғыны.Ол маусым айында мас күйінде кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсеткен. Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында жасөспірімді тұншықтырып өлтіреді. Жәбірленуші тарап оған ең қатаң жаза кесуді сұрады. Ал мемлекеттік айыптаушы 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды. Сотталушының мас күйінде қылмыс жасағанын мойындауы жазаны ауырлатса, оның ақыл - есінің сыр беруі, кішкентай баласының және кінәсін мойындап келгені жазаны сәл жеңілдеткен көрінеді. Зорлау және кісі өлтіру бабымен айыпталған аудан тұрғыны ұзақ жылға бас бостандығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

НҰРМАН АЙГЕЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.Өмір бойы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге және педагогикалық қызметтер атқару құқығынан айрылсын.Жазасы қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтелсін.