$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Disney студиясы «Муфаса: Арыстан патша» фильмін қазақша дыбыстауға қаражат бөлді

18.12.2024ж. 20:00
142
Disney студиясы «Муфаса: Арыстан патша» фильмін қазақша дыбыстауға қаражат бөлді

Америкалық Disney студиясы кезекті туындысын қазақша дыбыстауға қаражат бөлді. «Муфаса: Арыстан патша» анимациялық фильмі 19 желтоқсаннан бастап көгілдір экранға жол тартпақ. Белгілі қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер, депутаттар, блогерлер жабық көрсетілімге арнайы шақырту алып, приквелдың алғашқы көрермені атанды. Атап өту керек, бұл – Disney-дың қазақша дубляжға қаражат бөліп, танымал кейіпкерлерін қазақ тілінде сөйлеткен үшінші туындысы. Негізгі персонаждарды Ерасыл Мұхамадиев, Бақтияр Байсерік, Дулыға Ақмолда, Асан Мәжіт сынды кәсіби актерлар дыбыстады. 

ШАХ-МҰРАТ ОРДАБАЕВ, «МУФАСА: АРЫСТАН ПАТША» ФИЛЬМІНІҢ ҚАЗАҚТІЛДІ ДУБЛЯЖ РЕЖИССЕРЫ:

Биылдан бастап «Дисней» компаниясының өзі, өзінің ең аты шулы отбасылық үш жобасын қазақ тілінде дыбыстауды өздері қаржыландырамыз деп шешті. Және «Муфаса-3» фильмінің соңғысы биылша. Егер осы үш фильмнің үшеуі де кассалық көрсеткіші және көрерменнің, БАҚ-ның, жалпы әлеуметтің қызығушылығын көрсетсе, жоғары көрсеткіште көрсететін болса, онда келесі жылы дыбысталатын фильмдер саны көбеюі мүмкін.