$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Қызылордада 80 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

Қызылордада 80 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

Мемлекет басшысы «Еңбек жолын енді бастаған жастар бірден пәтер сатып ала алмайтыны түсінікті. Жастардың баспана алуына жан-жақты жағдай жасау керек» деген болатын. Соның негізінде Қызылордада «Сыр жастары» бағдарламасы іске қосылды. Бұл көптеген жас отбасыларға үлкен мүмкіндік сыйлап отыр. Аймақта, одан өзге, өнер адамдар да қоныс тойын тойлауда. 

«Сыр жастары» бағдарламасы арқылы жылына 100 жас отбасын баспанамен қамту көзделген. Бағдарлама «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы облыстық бюджеттен несиелендіріледі. Мамырда 60 жас отбасы қоныс тойын тойласа, жаңа жыл қарсаңында тағы 40 отбасымен толықты.

АҚЕРКЕ ДӘРУІШ, ТҰРҒЫН

Мұғалім болып жұмыс жасаймын. 3 балам бар. Жолдасым екеуміз осы баспананы біраз жыл күттік. 3 бөлмелі пәтер, іші кең, жылуы бар. Біздің көңілімізден шықты. Қатты қуаныштымыз. Және де бұл «Сыр жастарымен беріліп жатырған пәтер жеңілдетілген 5 пайыздық несиемен беріліп жатыр. Және де алғашқы жарнапұлы 10 пайыз.

Аймақта мәдениет саласы қызметкерлеріне арналған тұрғын үй де бой көтерді. Жаңа жыл қарсаңында 40 отбасы баспаналы болды.

ДАНИЯР САБЫРОВ, Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:

Осы театрда жұмыс істегенімен 13 жыл болды. Аллаға шүкір осы сәтке де жетіп жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Шабытқа-шабыт сыйлап әрі қарай жұмыс істеуімізге бір себебін тигізеді деп ойлаймыз. Құдай қаласа, өмірлік жағдайларды ойламай сахнада өз өнерімізді көрсетуге дайынбыз.

Биыл аймақта «Рухания» жылы деп жарияланған болатын. Оның аясында мәдени-көпшілік шаралар ғана емес, ауқымды жобалар іске асуда.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Облыстың мәдениет ұйымдарының 25 қызметкері Италия, Беларусия елдерімен қатар еліміздегі белгілі өнер ұжымдарында біліктіліктерін арттырды. Алдағы уақытта да Еуропадағы белгілі концерттік залдардың озық тәжірибелерін өңірде енгізу жұмыстарын жүргіземіз. Мәдениет майталмандарының жеңісі тұтас елдің биік рухы. Әрқашан рухымыз биік болғай.

«Рухания жылы» аймақ үшін жемісті болды. Жаңа, заман талабына сай нысандар бой көтерді. Симфония оркестрі, инкюзивті театр, жастар театры, хор ұжымдары жасақталды. Жастар шығармашылығын шыңдау мақсатында «Шағармашылық академиясы» салынуда.