$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Жамбылда жыл басынан бері 7 миллионға жуық заңсыз темекі қорабы мен бірде-бір құжаты жоқ 1880 литр алкоголь өнімі тәркіленді

18.12.2024ж. 20:00
104
Жамбылда жыл басынан бері 7 миллионға жуық заңсыз темекі қорабы мен бірде-бір құжаты жоқ 1880 литр алкоголь өнімі тәркіленді

Жамбылда жыл басынан бері 7 миллионға жуық заңсыз темекі қорабы мен бірде-бір құжаты жоқ 1880 литр алкоголь өнімі тәркіленді. Бұл рекордтық көрсеткіш дейді мамандар. Анықталған контрафактілік арақтың 600 бөтелкесінің көзі жойылған. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті анықтағандай кедендегі көлеңкелі тасымалдың дені Қырғызстаннан келеді екен. Көбінде заңсыз ішімдік пен табак өнімдері қырғыз-қазақ шекарасында жиі анықталатынын айтады. 11 айдың ішінде ел аумағына 5.2 млрд теңгенің тауары заңсыз кіргізілмек болған жерінен жолы кесілген. Шетел тауарын акциздік маркасыз елге кіргізген 22 азаматқа қылмыстық іс қозғалды. Енді кінәлары дәлелденсе, заңсыз кәсіпкерлік бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

ЖАҒЫПАР ИСАТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:

Тәркіленген өнімдер сапа бақылауынан өтпеген. Бұл тұрғындардың денсаулығына да кері әсер етеді. Улану қауіпі бар. Сонымен қатар салықтан жалтарған соң, әрине бұл өнімдердің құны нарықтағы бағадан әлде қайда төмен болады. Бұл заң аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің кәсібіне кедергі болып, шығынға әкеп соғады.