$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Мемлекеттік балабақшадан орын алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

AstanaTV
18.12.2024ж. 16:50
79
Мемлекеттік балабақшадан орын алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Астана қаласының тұрғындары мемлекеттік балабақшадан орын алып беремін деп алдап, ақшаларын иемденген алаяқтың үстінен шағым түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу барысында күдікті 2ГИС қосымшасындағы балабақшалардың астындағы шолулар мен пікірлерге жауап жазып, өзінің байланыс нөмірін қалдырып отырғаны анықталды.

Кейін тұрғындармен жеке сөйлесіп, мемлекеттік балабақшадан орын алып беремін деп уәде берген. Алайда ақшаны алғаннан кейін ол байланысқа шықпай, жәбірленушілерді сан соқтырып кеткен.

Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдікті әйелді анықтап, ұстады. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындап, алған ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты. Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.