$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Қазақстанда AIÝ коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

AstanaTV
18.12.2024ж. 18:00
55
Қазақстанда AIÝ коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Қазақстан Ұлттық банкі (бұдан әрі - ҚҰБ) "Көшпенділердің ғибадат жануарлары - тотемдері" сериясының AIÝ коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күмістен жасалған 1 000 теңгелік, сондай-ақ мельхиор қоспасынан жасалған 500 және 200 теңгелік AIÝ коллекциялық монеталарын 2024 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені kazcoins.nationalbank.kz арқылы сатып алуға болады. Монеталар "Қазпошта" АҚ арқылы жеткізіледі.

Номиналы 5 000 теңге болатын AIÝ коллекциялық монеталары 2024 жылғы 23 желтоқсаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкеніне kazcoins.nationalbank.kz сатуға шығарылады, монеталарды сатып алушылар өздері алып кетуі керек.

AIÝ коллекциялық монеталары туралы

AIÝ (аю) - "Көшпенділердің ғибадат жануарлары - тотемдері" сериясының жетінші монетасы. Монета дизайнында жануардың табиғи және трафареттік бейнесі сақ стилінде үйлесім тапқан.

AIÝ (аю) - күш-қуат пен табандылықтың, табиғатпен үйлесім табудың символы.

Монеталар

- 925 сынамалы күмістен жасалған; массасы - 777,5 грамм, диаметрі - 100 мм, диаметрі 2 мм гауһар тасы бар, сапасы - proof, номиналы - 5 000 теңге, таралымы - 200 дана;

Күмістен жасалған 5 000 теңгелік монета

- 925 сынамалы күмістен жасалған; массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, диаметрі 1 мм гауһар тасы бар, сапасы - proof, номиналы - 1000 теңге, таралымы - 3 000 дана;

Күмістен жасалған 1 000 теңгелік монета

- мельхиор (МН 25) қоспасынан жасалған; массасы - 15 грамм, диаметрі - 33 мм, сапасы - рrооf-like, номиналы - 500 теңге, таралымы - 3 000 (үш мың) дана;

Мельхиордан жасалған рrооf-like сапалы монета

- мельхиор (МН 25) қоспасынан жасалған; массасы - 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, сапасы - brilliant uncirculated, номиналы - 200 теңге, таралымы - 10 000 (он мың) дана.

Мельхиордан жасалған brilliant uncirculated сапалы монета

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.