$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Биыл мемлекеттік қызметтің 99,3 пайызы электронды форматта көрсетілді

AstanaTV
18.12.2024ж. 19:42
116
Биыл мемлекеттік қызметтің 99,3 пайызы электронды форматта көрсетілді

Биыл елде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қызметтің 99,3 пайызы электронды форматта көрсетілді.

Ыңғайлы цифрлық экожүйені қалыптастыру мақсатында арнайы «Бизнестің цифрлық картасы» жобасы әзірленуде.

Азаматтардың жеке кабинеті секілді бизнестің жеке кабинеті енгізіледі. Бұл әкімшілік рәсімдерді жеңілдетіп, процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттырады.

Сондай-ақ бизнестің операциялық шығындарын төмендетуге бағытталған есеп-қисапты автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылдың соңына дейін барлық есеп-қисаптың 40 пайызын оңтайландыру жоспарлануда.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.