$521.67 €592.46 ₽6.32
×

Шырша шамы жағылды

AstanaTV
18.12.2024ж. 22:06
489
Шырша шамы жағылды

«Астана Арена» стадионының аумағында қаланың басты жаңажылдық шыршасы жағылды. Салтанатты іс-шараға мыңнан астам адам жиналды.

Бас шыршаның биіктігі 25 метрге жетеді.

– Биыл бас шыршамыз табиғи пішінде жасалған, сәукеле секілді жан-жағы жұқа желекпен сәнделген. Бұл шыршаға шамамен 3000 ойыншық пен көптеген гирлянда қолданылды, – дейді «Астанагенплан» мекемесінің директорының орынбасары Елнар Базыкен.

Сондай-ақ, стадион аумағында тұрғындар үшін көптеген ойын-сауық – мұз айдындары, сырғанақтар, фотозоналар, жәрмеңкелер мен дәмханалар ашылды. 

Айта кетейік, дәл осы уақытта Астананың алты ауданында да жаңажылдық 30 шырша қатар жағылды.