$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Кейбір республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы ашылды

AstanaTV
19.12.2024ж. 12:19
62
Кейбір республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы ашылды

2024 жылғы 19 желтоқсанда сағат 06:00-де кейбір республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол"

2024 жылғы 19 желтоқсанда сағат 06:00-де келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылды:

Ақтөбе облысы:

Самара-Шымкент автожолының 526-702 шақырым аралығының учаскесі (БҚО шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін).

"Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы" автожолының 23-99 шақырым аралығындағы учаскесі ("Экоойл" жанармай стансасы — РФ шекарасы);

"Самара-Шымкент" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы автожолының 12-250 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қ.-Қарауылгелді а.).

Батыс Қазақстан облысы:

Самара-Шымкент автожолының 272-526 шақырым аралығының учаскесі (Барбастау ауылынан БҚО шекарасына дейін).

Қызылорда облысы:

"Самара-Шымкент" автожолының 1240-1357 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасы — Арал қ.).

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында екі жылда 1 мың шақырым жол жөнделген.