$524.02 €545.19 ₽5.09
×

Астанада бала зорламақ болған әскери қызметкер ұсталды

AstanaTV
19.12.2024ж. 16:23
86
Астанада бала зорламақ болған әскери қызметкер ұсталды

Астанада Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері 8 жастағы балаға сексуалды зорлық көрсетті деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін Ішкі істер министрлігі фактіні растады. Министрдің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, әскери-тергеу басқармасы әскери қызметшілердің біріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен сот санкциясымен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі ақмолалық гарнизонының әскери қызметшісі ұсталып, қамауға алынды, — делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын еске салды.