Жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан Қостанай тұрғындарына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Фельдшер Әнел Баймұрзина ауруханаға жатқызылды. Медицина қызметкерінің миы шайқалып, мойыны көгерген. Келеңсіз жағдай түнгі ауысымда болған көрінеді. Шаһар тұрғыны түн ортасында жедел жәрдем қызметкерін шақыртқан. Алайда науқастың қыздары фельдшердің жұмысына кедергі келтіріп, сес көрсеткен. Сәлден кейін науқастың тынысы тарылып, жүрек соғысы тоқтап қалған екен. Медицина қызметкері 30 минут бойы реанимациялық шара қолданып, қарт тұрғынды ажал аузынан алып қалуға тырысқан. Өкінішке қарай науқас қайтыс болады. Қайғылы хабарды жеткізіп, көңіл айтқан маманның шашынан жұлып, соққыға жыққан.
БАУЫРЖАН ҚАСЫМХАН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жедел жәрдем шақыртқандар мен медицина қызметкерлері арасында сөзге келіспеушілік болғаны анықталды.Оның барысында 41 және 51 жастағы екі әйел фельдшерге дене жарақатын салды.Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды.Тергеу ұрып–соғу бабы бойынша жүргізілуде.