Алматы облысы Қарасай ауданындағы Мәсімхан Бейсебаев атындағы орта мектеп биыл 105 жылдық мерейтойын атап өтуде. 1919 жылы іргетасы қаланған білім ордасынан Қазақстанға белгілі тұлғалар мен өнерпаздар түлеп ұшқан. Айтулы шараға мектеп бітірген түлектер де келді. Ғасырдан асқан білім ошағында қазір 1500 -ге жуық оқушы мен 130 -дан аса мұғалім бар. Алғашында тек 2 жылдық сауат ашу үшін ашылған мектеп қазір Республика көлеміндегі алдыңғы қатардағы оқу ордасына айналған.
ОРЫНБАСАР ЖАНӘДІЛ, МЕКТЕП ТҮЛЕГІ:
Айтады ғой 50 жылда ел жаңа деп. Міне, 100 жыл. Енді 1919 жылы ашылған болатын. Сол кезде мынау 2 жылдық жаңағы түркі мектебі деп сауат ашу деп сүйтіп ашылған. Мен 1968 жылы жаңағы осы мектепті бітірдім. Сөйтіп жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін ұстаздық болып география пәнінің мұғалімі болып осы жерде зейнеткерлікке дейін еңбек еттім. 45 жылдай осы мектепте еңбек еттім.