$524.02 €545.19 ₽5.09
×

Павлодарда 20 мектеп, 9 мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өтті

19.12.2024ж. 20:00
121
Павлодарда 20 мектеп, 9 мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өтті

Павлодарда «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасы 92 пайызға орындалды. Биыл өңірде 20 мектеп, 9 мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өткізілді. Жаңадан 30 медициналық нысаның құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 8 нысан қолданысқа берілді. Қалған медпункттер жыл соңына дейін пайдаланылуға беріледі деп күтіліп отыр. Бұл ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін арттырды. Ертіс ауданының Қызылағаш ауылының тұрғындары дәрігерге қаралу үшін 140 шақырым жердегі аудан орталығына қатынайтын. Енді елдімекеннің өзінде су жаңа медпункт салынды. 

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ерекше атап өтерлігі, медициналық мекемелердің ашылуы ауыл тұрғындарына үлкен қуаныш әкелді. Соның бірі – Қызылағаштағы медпункт. Ғимарат замануи құрал жабдықтармен жабдықталған. Науқасқа ем шара жасауға қажеттінің бәрі бар. Жыл соңына дейін осы секілді тағы 20 медициналық мекемені пайдаға беру жоспарланып отыр.

Осы жылы 9 елдімекен таза ауыз сумен қамтылды. Баянауыл ауданындағы Сәтбаев, Жалғызқайың, Лекер, Майкөбе, Қызылшілік, Сұлужон секілді бірқатар ауыл орталықтандырылған су көзіне қосылды. Ал өңірдегі облыстық маңызы бар 250 шақырым жол жөнделді. Бұл ауыл мен қаланың арасындағы көлік қатынасын жақсартты. Бұдан бөлек елдімекендердегі жалпы ұзындығы 150 шақырым ауылішілік жолға асфальт төселінді. Биыл тұрғындардан «AMANAT» партиясының облыстық филиалына жеті жарым мыңға жуық өтініш түскен. 

АЙНҰР МҰХАМЕДИЯРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қоғамдық қабылдауларды санайтын болсақ, 7430 өтініш келіп түсті. Бұл ауызша және жазбаша түрде. Оның 66,3 пайызы оң шешілді. 33,7 пайызы қолданыстағы заңнамаға сәйкес заң шеңберінде түсініктеме алды. Өтініштердің тақырыбы бойынша айтып кетсек, бұл көбісі елді-мекендерді абаттандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек заңнаманасына сәйкес мәселелер көтеріліп отырады.