Ұлытау облысындағы тұңғыш жел электр станциясының құрылысы аяқталуға жақын. Құны 75 млрд теңге инвестициялық жобаны Қытай мен Қазақстан компаниялары бірлесіп салып жатыр. Станция іске қосылса 100 МегаВатт баламалы энергия өндіреді, деп күтілуде. Бұл аймақтың экономикасын дамытып, экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ететінін сөзсіз. Толығырақ тілші бейнематериалында.
Өңірде электр қуатының тапшылығы облыс мәртебесін алғалы айқын байқалды. Әсіресе өндірісті дамытуға энергия қажет- ақ. Сондықтан жаңартылатын энергия көздерінің әлеуетін дамыту өте маңызды. Аймақтың экономикасын дамытып, экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етпек.
Камшат КҮНЕДІЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ “АТАМЕКЕН” КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
“Жел электр станциялары жоба шеңберінде электр энергиясын беру үшін қосалқы станция салу жел мұнараларын орнату, сондай- ақ жел қондырғыларынан қосалқы станцияларға энергия беру үшін тректер тұрғызуды жүзеге асыруда. Жобаның жоспарлаған іске қосылуы 2026 ж желтоқсанында деп отырмыз”.
АЙНА ТӘЖИЕВА, “ҚАЗАҚИНВЕСТ” ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨКІЛІ:
Біз инвесторларға кеңес беру арқылы қолдау көрсетеміз. “Қазақинвест” компаниясы осы салада “ Атамекен” кәсіпкерлер палатасымен бірге жұмыс істеп келеді. Өйткені көптеген мәселелер туындауы мүмкін. Салық, кедендік баж, қондырғыларға қатысты сұрақтар туындаса біз ведоствоаралық үйлестіру қызметтері арқылы жан- жақты көмек көрсетеміз.
Станция Жезқазған қаласынан 9 шақырым жерде желдің өтінде орналасқан. Онда барлығы 16 жел генераторы орнатылмақ. Құрылыс қарқынды жүріп жатыр. 15 адам қондырғылардың жұмысын бақылайды.
Ақжол ҚАСТЕР, “ МЕЗГІЛДЕР КҮШТЕРІ” ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЭЛЕКТРИГІ:
“Мен осы жерде кәсіби тұрғыда өсуге мүмкіндік алдым және жаңа дағдыларды үйрендім. Жұмыс жағдайы да жақсы. Қазіргі уақытта менің негізгі жұмысым қосалқы станциясында жабдықтарды күту, ұстау , электр қуатының берілуін бақылау, қосалқы станциясының жұмыспен қаматамасыз ету”.
Ұлытау облысында биыл барлығы 25 инвестициялық жоба іске асырылды. Оларға 771 млрд теңге инвестиция құйылған.