$524.02 €545.19 ₽5.09
×

"Баспанаға кезектің санын 5 жылда 2 есеге дейін қысқарту мүмкіндік бар", - Б. Исабаев

"Баспанаға кезектің санын 5 жылда 2 есеге дейін қысқарту мүмкіндік бар", - Б. Исабаев

Жер жәннаты – Жетуісуға биыл 2 млн-нан аса турист келген. Аймаққа саяхаттаушылардың саны артуына туристік инфрақұрылымның дамуы мол септігін тигізді. Аймақ басшысы Бейбіт Исабаев осылай дейді. Облыс әкімінің айтуынша, өңірдің 2030 жылға дейінгі инвестициялық портфелінде 189 жоба бар. Қазір оның 121-і іске асырылуда. Тілшіміз толығырақ тарқатады. 

Жетісуда өндіріс көлемі кеңейіп келеді. Облыс құрылған екі жыл ішінде 43 жаңа өндіріс іске қосылған. Сондай-ақ 9 зауыт кеңейтіліп, нәтижесінде мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар өңірде қуаттылығы жылына 860 мың тонналық мыс концентратын құрайтын металлургия комбинатын салу бойынша ірі жобаны іске асыру басталды. Енді тағы 2 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ,  ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазір облыста цемент, аккумулятор батареялары, керамика плиткаларын шығару жолға қойылып, құрама жем, күн панельдерінің өндірісі жақсы дамып отыр. Биыл біз жалпы 23 млрд теңгеге белгіленген қуаты 42 мВт жаңартылған үш нысанның құрылысын аяқтадық. 2028 жылға дейін 82 мВт болатын 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Қазір аймақта қоныс тойын тойлаушылар көп. Биыл тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 900-ден аса баспана сатып алынған.

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ,  ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Биыл облысымызда 2 700 пәтер салынды және сатып алынды. Енді облыста 30 мыңға жуық кезекке тұрған адамдар болатын болса, шамамен жылына біз мақсат етіп қойдық 7-9 процент халықты біз үймен қамтамасыз етсек, алдағы 5 жылдың ішінде кезектің санын 2 есеге дейін қысқарту мүмкіндігі бар.

Қорғас желісі мен «Достық» станциясы өңірдің экономикасын дамыту және инвестиция тарту нүктелеріне айналған. Бүгінге дейін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында 27 жоба іске асырылды. Құны - 63,3 млрд теңге.

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қытаймен шекаралас бұл аймақтардың көлік-логистикалық әлеуеті зор. Осы орайда инвестиция тарту, жүк легі мен транзитті ұлғайту, өткізу пункттерін жаңғырту бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді.

Қазір аймақтың барлық саласында өсім бар. Мәселен ауыл шаруашылығы 3,7 пайызға артқан. Ал төрт түліктің басы 2 жарым млн-ға жетті. Сондай-ақ биыл 400 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынға қол жеткізген. Алдағы 5 жылда 192 елдімекенді толық газдандыру жоспарланып отыр.