Иа, шынымен де қала ерекше жайнап тұр. Мерекелік көңіл күй сезіледі. Жылдағы дәстүр бойынша Астананың бақтарында және Есіл жағалауында мұз айдындары құйылып, мұз қалашықтары бой көтерді. 60-тан астам осындай арнайы орында тұрғындар үшін сырғанау төбешіктері, коньки мен шананы жалға беру бекеттері, шай ішіп, жылынатын орындар қарастырылған. Біздің тілшіміз Айдана Қайрат қазір солардың бірінде жүр.
АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:
Рақмет Қасымхан, кеш жарық құрметті көрермен. Дәл қазір мен Есіл өзенінің жағалауындамын. Сарышұнақ аязға қарамастан мұнда халық көп. Жаңа жыл мерекесіне орай өзге өңірлерден арнайы келгендер де бар. Шынымен де бұл жердің атмосферасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көздің жауын алатын безендіруге әдемі әуен сиқырлы әрі ерекше әсер беріп тұр. Әрине бүлдіршіндердің де қуанышы ерекше. Кешкі уақытқа қарамастан олар мұз айнында сырғанақ теуіп ойын қызығына батуда.
АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:
Қаланың бар ауданында мерекелік шыршалар орнатылған.. Сондай-ақ қаладағы ең үлкен мұз айдыны орталық саябақта жасалды. Ұзындығы -290 метр. Бұл жерде сондай-ақ серуендеуге, фотоаймақтарда Аяз атаның шанасы мен сыйлықтары бар каминмен суретке түсуге болады. Менде әзірге осы, барша көрерменді келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын.