Ақтауда "Таза Бейсенбі" экоакциясы өтті. Шараға 20-дан астам студенттер мен "Аmanat" партиясының мүшелері қатысты. Жиналғандар 14-ші шағын ауданның жағалауын қоқыстан тазартып, көпке үлгі болды. Айта кетейік, "Таза Қазақстан" жобасы басталғаннан бері қалада экологиялық белсенділер апта сайын бүкіл жағалау аймағын тазартып келеді.
ГҮЛШАТ АРЗЫҒҰЛОВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ МОФ КОНСУЛЬТАНТЫ:
Біз жағалаудағы аймақтарды бөліп аламыз және оны кезекпен қалдықтардан тазартамыз. Бұл тазалық жұмыстарын жүргізілетін жалғыз аумақ емес. Саябақтар мен қасиетті орындарды да қамтимыз. Біздің жастар тұрғын үйлердің кіреберістері мен ондағы артық жазуларды тазалапды. Жуырда ғана қала кәсіпкерлері шағын аудандарды тазалауға көмектесті.