Екібастұз тұрғындары бірер күн бұрын әйел адамның мәйітін қаладағы құдықтардың бірінен тауып алған. Оның өлімінің себебі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бір күн бұрын Екібастұз қаласының өрт сөндіру бөліміне Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі құдықта өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
«Өрт сөндірушілер тез арада жылу камерасының ішіндегі жанған қоқыс пен матрацты сөндіруге кірісті. Кіреберістің жанында жансыз жатқан әйел адамның мәйіті табылды. Ол белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам ретінде белгіленді», - деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Ал полицейлер сараптама жүргізіп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.