$524.02 €545.19 ₽5.09
×

Мектепте бомба бар: ШҚО-да мас күйінде жалған ақпарат хабарлаған әйел сотталды

AstanaTV
19.12.2024ж. 23:22
110
Мектепте бомба бар: ШҚО-да мас күйінде жалған ақпарат хабарлаған әйел сотталды

2024 жылғы 23 маусымда Алтай қаласының тұрғыны мас күйінде төтенше жағдайлар басқармасының 101 пультіне қоңырау шалып, мектепке жарылғыш құрылғы орнатылғаны туралы жалған ақпарат берген. Бұл туралы Алтай аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Осы оқиғаға байланысты азаматша С.-ға ҚР ҚК 273-бабы бойынша ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама") қылмыстық іс қозғалды. 

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындады. Оның кінәсі қоңыраудың аудиожазбасы, сараптама қорытындысы және жәбірленуші өкілдерінің айғақтарымен дәлелденді. 

Прокурор сотталушының бас бостандығын шектеуді сұраса, сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жағдай ретінде азамат С.-ның шын жүректен өкінуін, ауырлататын жағдай ретінде мас күйінде қылмыс жасағанын ескерді. 

«Сот шешімі бойынша азамат С.-ға пробациялық бақылау белгіленіп, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.