$495.28 €518.41 ₽5.44
×

Әкімдік алдында өзін өртеп жіберген маңғыстаулық ер адам қайтыс болды

AstanaTV
20.12.2024ж. 06:38
158
Әкімдік алдында өзін өртеп жіберген маңғыстаулық ер адам қайтыс болды

Маңғыстау облыстық әкімдігінің алдында өзін-өзі өртеп жіберген ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақпаратты облыстық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Руслан Бекібаев растады. 

Оның айтуынша, жәбірленуші оқиғадан соң ес жимастан 17 желтоқсан күні таңғы сағат 9-да қайтыс болғанын айтты. Ол 12 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. 

– Денесінде 98% термиялық күйік болды. Біз ол ауырсынуды сезінбеу үшін дәрі-дәрмекпен ұйықтаттық. Бірақ содан кейін оның қан қысымы төмендеп, күйіктен шок алып, қайтыс болды, – деді Бекібаев.