$524.02 €545.19 ₽5.09
×

Семей тұрғыны диплом аламын деп 500 мың теңгесінен қағылды

AstanaTV
20.12.2024ж. 08:40
57
Семей тұрғыны диплом аламын деп 500 мың теңгесінен қағылды

Семейде диплом сатамын деген сылтаумен алаяқтық жасаған жағдай анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

49 жастағы жергілікті тұрғын 28 жастағы әйелдің сеніміне кіріп, оған медициналық колледждің дипломын сатамын деп уәде берген. Осыдан кейін жәбірленушіден 500 000 теңге алып, қаражатты жұмсап жіберген.

Жәбірленуші ақшасыз да, құжатсыз да қалды, ал күдіктіге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады.