$523.86 €544.34 ₽5.11
×

Петропавлда үш жасар бала орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен

AstanaTV
20.12.2024ж. 14:52
108
Петропавлда үш жасар бала орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен

Петропавлда сәби өте ауыр жағдайда облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 7152.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдай 19 желтоқсанда болған. Сағат 14:05-те облыстық көпсалалы балалар ауруханасына 3 жасар бала жедел жәрдеммен түсті. Сол жақ көз ұясы жараланған

Анасының айтуынша, бала ас үйдегі орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен. Әйел көзінен пышақты суырып алғанда, бала есін жоғалта бастаған.

Жедел жәрдем бөлмесінде бала реаниматологқа қаралып, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.

“Реанимациялық шаралар дереу басталып, сәтті өтті, жүрек-өкпе қызметі қалпына келтірілді, инотропты қолдаумен гемодинамика бақыланады. Дереу барлық қажетті дәрігерлердің, соның ішінде нейрохирург пен офтальмологтың кеңесі шақырылды”, – дейді дәрігерлер.

Нәрестеде ашық бас сүйек-ми жарақаты, ми контузиясы, көзінде пышақ жарақаты бар. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.