Елімізде 1 жылда 1 млн тоннадан астам қоқыс жиналды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған "Таза Қазақстан" акциясы жалпы ұлтты да, барлық аймақты да қамтыды. Көп жердің реңі кіріп, даланың тынысы ашылғандай болды. Жалғасын әлі де тауып келеді.
Қала мен дала, ауыл мен аудан, орман-тоғай, өзен-көл, тіпті тас жолдардың төңірегіне дейін жатқан қоқыс жиналды, тазаланды, абаттандырылды. Ондағы мақсат ұлтты ұйыстырып, экологиялық таным-түсінікті қалыптастыру екенін мемлекет басшысы да әр сөзінде айтып жүр.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
"Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы да осындай құндылықтарға негізделген. Жоба аясында елдімекендеріміз тазарып, жаңаша келбетке ие бола бастады. Қоршаған ортаға қамқорлық қоғамдық мәдениеттің арқауына айналды. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды. Менің тапсырмаммен Үкімет арнайы тұжырымдама қабылдады. Басты мақсат – халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру.
Тазалық деген жай сөз, бос сандырақ, амалсыз әурешілік емес, оның қай түрі де қалай алып қарасаңыз да маңызды екенін білім де, ғылым да, саясат та, тұрмыс пен таным да дәлелдеп келеді.
БЕРДАЛЫ ОСПАН, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ:
Тазалық болмаса адамзат болмайды. Көшенің тазалығы, кірген мекемелердің тазалығы, соның бәрі сол осы ұлттың деңгейін көрсетеді. Міне қазіргі бізде Қазақстанда мәдениет өте биік деп айтамын, бірақ ол өте биік мәдениеттің ешқашан шегі жоқ. Әрі қарай көп жұмыс істеу керек әрине.
Экологиялық шараға ел тұрғындары да білек сыбана қатысуд. 3,5 миллионға жуық адам атсалысып, осы уақытқа дейін 1 млн 700 мыңнан астам аула немесе жалпы көлемнің 71%-і, сондай-ақ бірнеше қала мен облыста аулалар 100 пайызға тазарды.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Көп бала түсінді то что Таза Қазақстан өзіміздің қаламызды, жаңағы елімізді жақсы, Таза ұстауымыз үшін деп атсалысты.
- Тілендиевада тұрамыз, бізде үнемі тазалап жатады. Көшеміз тап-таза.
- Қаламыз өркейіп, таза болғанын біз халық қалаймыз.
Тазалық - саулық кепілі. Екеуін қатар ұстаған адамның мәдени, рухани, адами болмысы да кірлемейтіні анық.